RU

Аптап ыстық қайта оралды: Елімізде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі

«Қазгидромет» РМК 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республикамызда өткен тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 2,7 градус жоғары болды. Алдағы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бірақ ең жоғары ауа температурасы 28-37 градус болады.

Тағы оқыңыздар: Тегін бәлішті бөлісе алмай, таласып қалған қостанайлықтар желіде талқыға түсті (видео)

Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында Батыс Азиядан өте ыстық ауа келеді, сондықтан бұл жерлерде күн қатты ысып, күндізгі ауа температурасы 32-41 градусқа дейін көтеріледі.

Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы нормадан 2-8 градус жоғары болып сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600432-aptap-ystyq-qayta-oraldy-elimizde-aua.html