RU

Атақты Киркоровтың концертінде эротикалық би билеген әйел ұятқа қалды (видео)

Филипп Киркоровтың концертінде сахнаға шығып, эротикалық би билеген әйел жұрттың алдында ұятқа қалды. Әнші бұл видеоны өзінің парақшасында жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Кеш батты, сондықтан мына 18+ белгісі бар видеоны қазір көріп шығыңыз. Ал Анападағы бүгінгі шоу туралы цензураға ілікпейтін толық ақпаратты ертең көрсетемін!", - деп жазды Киркоров видеоның астына.

Аталған видеода көрерменнің арасынан шыққан әйел эротикалық би қимылдарын көрсетіп, жұртшылық назарын өзіне аударады.

Кейбір желі қолданушылары көрерменнің алдында бейәдеп қылық көрсеткен әйелді әншінің өзі жалдап сахнаға шығарып отыр десе, екіншілері оны әншінің өнеріне, өзіне ғашық жан деп топшылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600498-ataqty-kirkorovtynh-koncertinde-erot.html