RU

Италияда төрт жігіт қорғансыз әйелді күйеуінің көзінше зорлап тастады

Италияның Римини қаласында полицейлер Польшадан келген турист әйелді зорлап тастаған төрт ер адамды іздестіруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлі-зайыпты 27 тамыз күні шамамен таңғы сағат төртте қылмыскерлерге тап болған. Төрт ер адам алдымен әйелдің күйеуін аяусыз соққыға жығып, артынша әйелдің өзін зорлап тастаған. Зардап шеккендерді өткен-кеткендердің бірі байқап қалып, жедел жәрдем мен полиция шақыртады. Ерлі-зайыпты ауыр жарақаттармен емханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыздар: Супермаркет күзетшісі бұрынғы мұғалімін ұрлық үстінде ұстап алған (видео)

Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша, зорлаушылар ішімдік пен есірткі қабылдаған. Одан бөлек күдіктілер перуандық транссексуалдың зорлығына да қатысты болуы мүмкін деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600503-italiyada-tort-er-adam-qorghansyz-ayeld.html