RU

Сәкен Майғазиев "Ninety one" әншісінің анасы жазған ашық хатқа жауап берді

Танымал әнші Сәкен Майғазиев "Ninety one" әншісінің анасына хат жазып, "Жұлдыз TV" арнасына берген сұхбатында топ туралы ешқандай сөз болмағанын айтты. Алайда ол "Тоқсан бір туралы тоғыз пікірінің" өзгермегенін алға тартады.

Сәкеннің жауабын топтың кенжесі Данияр Құлымшинның (лақап аты Bala) анасы  Әлия Кадирова желідегі парақшасына жариялады.

"Құлыншақтарыңыздың қуанышы құтты болсын! #ТоқсанБірТуралыТоғызПікір xэштегіндегі пікірім өзгерген жоқ. "Жұлдыз TV" монтаж кезінде сіздердің балапандарыңыздың видеосын қосып жібергені болмаса, "Ninety one" туралы әңгіме болған жоқ.

ТоқсанБірТуралыТоғызПікір пікірімнен кейін "91" туралы ешқандай сұxбат берген емеспін. Жігіттердің өнерін бағалаймын. Өз парақшама салып, ақталып, "сасытқым" жоқ. Түймедейді түйедей еткісі келіп аңдып отырғандар көп. Түсінгеніңізге раxмет. Алла жар болсын", - деп жазған Сәкен Майғазиев топ мүшесінің анасына.

Тағы оқыңыздар: Көптен күткен той: Ернар Айдар жасырын түрде жанкүйеріне үйленіп алды(фото)

Топ мүшесінің анасы үлкенді сыйлап жауап берген әншіге рахметін жеткізді.

Естеріңізде болса, қазақ эстрадасы қаймақтары Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевтың Ninety one мүшелерінің тәрбиесіне қатысты айтқан сөздеріне жігіттердің бірінің ата-анасы қынжылыстарын білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600550-saken-mayghaziev-ninety-one-anshisininh-anasy.html