RU

72 жастағы кейуана 27 жастағы жігітке тұрмысқа шығып алды

Ұлыбританияда 72 жастағы кейуана 27 жастағы жігітпен некесін қидырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

72 жастағы Анджела Нвачукву (Angela Nwachukwu) 27 жастағы нигериялық азаматқа ғашық болып қалып, оған тұрмысқа шыққан. Ол күйеуіне өз елінің азаматтығын алып беру үшін 25 мың долларын сарп еткенімен, еш нәтиже шығар емес. Ал Африкада тұратын азамат СиДжей Анджеламен Facebook желісі арқылы 2015 жылы танысыпты.

Тағы оқыңыздар: Қазақ жігіті: Араб елінде қыздармен таныссаң оның ағасы не әкесі есіңді тандырып жібереді

«Ол менің үлкен немеремнен алты жасқа кіші, алайда мен өзіме ештеңе істей алар емеспін. Біз Skype арқылы сөйлескен сайын, балаша қобалжимын", - дейді Анджела.

СиДжеймен бір ай араласқан кейуана оның ұсынысын қабыл алып, қос ғашық Лагоста кездескен. Олар кездесуінің алғашқы күні-ақ той жасап, некесін қидырады.

Енді күйеуіне виза алдыра алмай жүрген Анджела Нигеряға екі рет барып қайтқан. Ол бүгінде СиДжей студенттік виза алып, қасына келеді деген үмітте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600553-72-zhastaghy-keyuana-27-zhastaghy-zhigitke-tur.html