Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ипотекасы мен несиесі барларға құрбандық шалуға бола ма?

Опубликовано:

Қасиетті Құрбан айт кезінде құрбан шалатын мұсылман қауымы жиі қателіктерге бой алдыратыны жасырын емес. Осы ретте NUR.KZ порталы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Жасұлан Жүсіпбековтен сұқбат алып, құрбандық шалудағы негізгі міндеттер мен жиі жіберілетін қателіктерді білген еді.

«Ислам діні бойынша әрбір амалдың дәрежесі мен міндеті бар. Құрбандық шалуға міндетті деп мына адамдар саналады.

1. Мұсылман болуы керек.

2. Балиғат жасына толған және өзі тұрғын (жолаушы емес) болуы шарт.

3. Бай болуы керек немесе 85 грамм алтынға сай мүліктің иесі. Діни басқарманың есебінше, 85 грамм алтынның құны -бір миллион 112 мың 735 теңге қаражатқа тең. Яғни кез келген азаматтың жеке үйі, көлігі мен күнделікті тұрмысындағы қаражаттан басқа жинаған осындай сомадағы мүлкі болуы шарт дейді танымал теолог.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанда қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салынбайды

Ипотекасы бар азаматқа құрбандық шалуға болады ма?

Қарызы бар адамның жиналған ақшасы шариғат бойынша өзінікі болып саналмайды. Демек ипотека, несие төлеп жүріп жеке жинаған қаржыңыз болса сол сомадан қарызды алып тастайсыз. Яғни үйіңізде 5 миллион теңге бар, несиеңіз 4 миллион 500 мың болса, шариғат бойынша сізге тиеселі қаржы 500 мың теңге ғана болып есептелінеді. Яғни ол адам құрбандық шалуға міндетті емес. Егер «құрбандық шалайын, кедей болып қалмаймын» деп ниет етсе, ол «құрбандық» уәжіп емес, «нәпіл құрбандық» (міндетті емес) болып саналады.

Құрбандыққа сойылатын малдар

Құрбандыққа – жасы беске толған түйе, екі жасар сиыр, бір жасқа толған ешкі мен қой шалынады. Жалпы қойдың семізі немесе ірі денелісі кездессе алты айлығы да жарайды.  Малдың ұрғашы немесе еркек болуы шарт емес. Ең бірінші оның төрт мүшесі түгел (құлағы, құйрығының жартысынан көбі кесілмеген), тісі бар, кәрі емес, етті және өз аяғымен жүріп-тұратын малдар шалынады. «Піштірілген еркек мал» да құрбандыққа жарамды. Ұрғашы малдың желіні кесілмеген, ал мүйізді жануардың (сиыр, ешкі, қошқар) қос мүйізі болуы керек, ал мүйіз өспейтін сиыр болса - ол жарамды. Мал сатып алғанда саудагермен саудаласу күнә емес. Тек шектен шықпай екі жақ, ренжіспей мәмілеге келу керек.

Құрбандықты түстен кейін немесе түнде шалуға бола ма?

Жалпы құрбандық мал айт намазынан кейін шалынады. Одан ерте мал сою ол құрбандық емес «садақа» болып есептелінеді. Шариғат бойынша құрбан айттың үш күнінде мал сойып таратылады. Ал, түнде мал бауыздауға жалпы тыйым салынған. Себебі, түн кезінде малды қате сойып немесе қасапшы қолын жарақаттап алуы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі малды мереке күндері сойғанымен, етін кейін таратса да күнә емес. Шариғатта жаңа сойылған балғын етті иістендіріп алмай кедейлерге ертерек таратып берген «абзал» деп есептелінеді.

Құрбандықтағы міндеттер

Құрбандық шалуда ең бірінші – ниет болуы тиіс. «Мешіттің қасында сою керек» деген ереже жоқ. Әр әдам малды таза жерде бауыздап, таратса да жарайды. Мал соярдың алдында қасапшыға пышағын құрбандықтың көзінше қайрауына болмайды. Құрбандық малдың (түйе, қой) жүнін алдын ала қырқып алу, сүтін сауып ішу, мініп жүру секілді жеке басқа пайда көруге тыйым салынған. Ал, терісін, жүнін кедейлерге таратып беруге болады. Сондай-ақ, құрбандықтың етін басқа жаққа жібермейді. Яғни Алматыда мал сойып Астанадағы кедейлерге апармайды. Себебі, етті ең бірінші жақындағы кедейлерге таратады. Сондай-ақ құрбандыққа мал соймай, сол малдың құнын кедей кепшікке тарату «садақа» деп есептелінеді. Құрбан айт кезінде қан шығарып, құран оқыту керек. Мал соятын пышақ өткір болуы тиіс. Малды бауыздағанда желкесінен емес кеңірдегінен сойып, жаны толық шыққанша терісін сыпырмайды.

Құрбандықтағы әдептілік

Әр мұсылман шамасы жетсе малды өзі бауыздағаны абзал. Егер оған мүмкіндігі болмаса сенімді адамға тапсырып, өзі жанында болғаны сауап. Малды сояр алдында құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызып, «Бисмиллә, АллаҺу акбар. Я, Раббым құрбандығымды қабыл ал!» деп білсе арабша дұға етеді немесе өзі сөйлейтін тілде де ниет етсе жетіп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Өзбекстанды 25 жыл басқарған Ислам Каримов өмірінің соңғы сәтінде Құран тыңдаған

Малдың етінен басқа мүшелерін тастауға болады ма?

Жалпы құрбандықтағы малдың ең құндысы еті болып саналады. Ал, ішек-қарын, бас-сирақты мүмкіндігінше тастамай, терісін кедейлерге таратса игі іс. Егер аталған мүшелерін ешкім керек етпей тастаса да айып емес. Құрбандық шалушы малдың бас-сирағын үйтіп, ішек-қарнын жуып таратуға міндетті болып саналмайды.

Қайтыс болған адамның атынан құрбандық шалады ма?

Байлар - туыс-туғаны, өлген жақыны мен кедейлердің атынан жиырма мал құрбандық шалса да артық болмайды. Ал, «бір түйені өзім соямын» деп алдын ала ниет етіп, айт күні бірнеше адаммен бөлісу дұрыс емес.

Сойылған малды қалай таратады?

Құрбандықты үшке бөледі. Бір бөлігі – тақыр кедейге, мұқтаж жандарға, екіншісін – өзіне қалдырса, бір бөлігін - туыс-туған, көршілерге  таратады. Яғни, жақындарын шақырып, ас әзірлеп қонақ қылуға болады.

Құрбан шалу – ұлы ғибадат. Жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан аластатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1600637-ipotekasy-men-nesiesi-barlargha-qurba/

pixel