RU

Ер адам қонақтарға қойдың басын ұсынбай қойған әйелімен ажырасып кетті

Сауд Арабиясында ер адам қонақтарға қойдың басын ұсынуды ұмытып кеткен әйелімен ажырасты. Бұл туралы NUR.KZ порталы KazInfo Today сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Аль-Ватан» басылымының мәліметіне сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында ажырасу себептері күн санап майдаланып барады. Мәселен, бірі әйелі қонақтарға қойдың басын ұсынбағаны үшін ажырасса, енді бірі әйелі оның алдына түсіп, жүріп алғаны үшін некесін бұздырған.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанның жеті бірдей облысына жаңа прокурорлар тағайындалды

Үшінші саудиялық азамат қалыңдығын дәл бал айында аяғына әшекей тағып алғаны үшін тастап кетіпті. Тағы бірінің ажырасуына әйелінің рұқсатсыз төркініне қонаққа барғаны себеп болған.

Ал әйелі қолынан ұстағаны үшін онымен ажырасқан өзге саудиялықтың әрекеті, тіпті ақылға қонымсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600725-er-adam-qonaqtargha-qoydynh-basyn-usynb.html