RU

Елдос Сметов әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Венгрия астанасы Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов ширек финалдық белдесуде қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгін әлем чемпионатының бірінші күнінде 60 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Елдос Сметов ширек финалда әзірбайжандық Орхан Сафаровтан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады.

Тағы оқыңыздар: Ардақ Назаров туған інісі Бейбіттің ауырған күндерін еске алып, елді жылатты (фото)

2015 жылғы әлем чемпионы іріктеу кезеңінде мозамбик спортшысы Неусо Сигоканы, бразилиялық Эрик Такабатакені және иран дзюдошысы Мохаммад Рашонежаданы жеңіп, ширек финалға шыққан болатын. Төртінші белдесуде үш шидо алған Сметов қарсыласы Сафаровқа жол берді.

Еске сала кетейік, қазақстандық Елдос Сметов Рио олимпиадасында жартылай финалдық белдесуде Орхан Сафаровты жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600953-eldos-smetov-alem-chempionatynda-zhenhi.html