RU

Маңғыстауда үшем дүниеге келді (фото)

Маңғыстау облысының перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемді - екі ұл және бір қыз баланы үйіне шығаруға дайындап жатыр деп хабарлайды, «ҚазАқпарат».

Үшемнің анасы Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Жаңылхан Айтуова.

Тағы оқыңыздар: Жұмыс уақытында мешітке барған мемқызметкер жазалануы мүмкін

Үйінде оларды күйеуі мен 14 және 15 жастағы ұлдары күтіп отыр.

16 тамыз күні әйел кесарь тілігі арқылы босанған. Бірінші болып екі келі 280 грам 45 см бойлы ұл бала дүниеге келді. Оны Әбдірахман деп атады.

Екіншісі де ұл (Мұхаммедәли) - екі келі 170 грамм және бойы 44 см. Үшінші екі келі 170 грамм салмақпен 46 см бойлы қыз бала өмір есігін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601030-manhghystauda-ushem-duniege-keldi-foto.html