RU

Парламент депутатын атып кеткен сәт видеоға түсіп қалды (видео)

Шешенстан парламентінің депутаты Мухмад Асхабовты атып кеткені түсірілген видео жарияланды. Кадрлар депутаттың көлігіне орнатылған бейнетіркеуіштен алынды деп хабарлайды life.ru.

Жазбада Асхабов мінген көлікке белгісіз біреулер қара түсті көлікпен жақындап келіп, оқ жаудырғаны көрінеді. Осы кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол белгісіне соқтығысқан.

Айта кету керек, видеоның шынайы екені әзірге ресми расталған жоқ.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда үшем дүниеге келді (фото)

Бұдан бұрын Мухмад Асхабовтың көлігіне Ачхой-Мартановский ауданында шабуыл жасалғаны хабарланған еді. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, депутаттың өліміне оқ жарақаты емес, шабуылдан кейін болған жол апаты себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601215-parlament-deputatyn-atyp-ketken-sat-v.html