RU

Үш баланың анасы "Әлем ханымы" байқауында қазыларды ұлттық киімімен тәнті етті (фото)

Ақтөбелік Динара Еділова Сингапурде өткен «Әлем ханымы» байқауында Қазақстанның намысын қорғады. Үш ер баланың анасы, 33 жастағы Динара «Ұлт бейнесі» номинациясын иеленді деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Әлемдік байқауда қазылар алқасын ол  ұлттық нақышта тігілген киім үлгілерімен тәнті етті.

Қазақстандық аруға Дана Наби, Мәлика Дүйсенбаева, Айнаш Карина секілді отандық дизайнерлер қолдау танытқан.

Тағы оқыңыздар: Өзбекстанды 25 жыл басқарған Ислам Каримов өмірінің соңғы сәтінде Құран тыңдаған

Айта кетейік, «Әлем ханымы» байқауында Эстониядан келген қатысушы, оңтүстіккореялық ару және Сибирия өкілі алғашқы үштікке енді.

Бүгінде Динара қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. Ақтөбедегі «Алмас» қайырымдылық қорына жетекшілік етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601312-ush-balanynh-anasy-alem-khanymy-bayqauyn.html