RU

Димаштың АҚШ-тағы жанкүйері қазақ тілін үйрену үшін Астанаға келді (видео)

EXPO-2017 көрмесіне әлемнің түкпір- түкпірінен келген адамдар көпшілік. Соның арасында АҚШ-тан Димаш үшін арнайы келген тағы бір жанкүйер бар.

Патрис Груллион Лос-Анджелестен келген. Оның сөзінше, Димаш әрдайым ән айтып болған соң: "Қазақстанға қош келдіңіздер!" дейді және дәл осы сөз әншінің жанкүйерінің Қазақстанға келуіне әсер еткен.

Ол Қазақстанда үш ай болуды жоспарлап отыр. Осы уақыттар аралығында ол қазақ тілін үйреніп, ел мәдениеті мен дәстүрін тереңірек танымақ.

Жанкүйер  Димаш оқыған универде болып үлгерген. Енді Алматыға әншінің кешіне барып, сүйікті әншісіні туған топырағы мен өскен өлкесін көру үшін Ақтөбеге бармақшы.

Тағы оқыңыздар: Қанат Исламның жанкүйері ұлының тұсауын спортшыға кестірген (фото, видео)

Патрис бұдан бұрын ешқашан фан-клубтарда болмағанын, бірақ қазір "Димаш USA" клубы мен Лос-Анджелестегі "Димаш Құдайберген" атты  әңгімелесу клубының мүшесі.

Жанкүйерді өз қатарына "Dimash Dostar" (Алматы) және "EurasianFanClub" (Астана) жанкүйерлері қабылдаған.

"Мен қазақстандықтардың Димаштың барша әлемге қалай әсер еткенін түсінгенін қалаймын. Ол әртүрлі мәдениет пен елдерді, түрлі жастағы, түрлі мансаптағы адамдарды біріктірді. Біз бәріміз бауырлардай болып кеттік", - дейді Патрис.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601350-dimashtynh-aqsh-taghy-zhankuyeri-qazaq-til.html