RU

"Ninety one-ды" жақтап, балағат сөздер жаудырған қыздар Қазнетті дүрліктірді

Әлеуметтік желіде өздерін 91 тобының табынушылары ретінде таныстырған бойжеткендердің видеосы көпшіліктің ашуын келтірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода екі бойжеткен бейәдеп сөздерді қолдана отырып, 91 тобын сынайтындарға жауап қайтарады.Жас қыздардың сөздеріне ашуланған желі қолданушылары оларға сын-пікірлерін жаудырды.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев: Досым президент болып сайлануы мүмкін

"Қазақтын ақ маңдай қыздарына не көрінді? Сана сезімдері, әке-шешенің тәрбиесі молынан екен", - дейді видеоны жария еткендер.

"Сендей қыздарды надан дейді", "Еңбек дегенді өздері біле ме екен", "Осындайлардың ата-анасына жаның ашиды", "Тәрбие жоқ", - деп күйінді желі қолданушылары.

Бұл видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601409-91-tobyn-zhaqtap-balaghat-sozder-zhaudyrgha.html