RU

Қазақстанда жантүршігерлік қылмысқа барғандарды өлім жазасына кесу ұсынылды

Елімізде террорлық әрекетке және өзге де жантүршігерлік қылмыстық іске барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін. Мұндай пікір сот пен прокурорлар арасындағы бас қосуда айтылды деп хабарлайды Алматы арнасы.

Әйтсе де, аталған заң әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларға қатысты емес. Қолданыстағы Конституция бойынша негізі өлім жазасы бар деп көрсетілген. Тек Президент уақытша мараторий жариялап келді.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанда жантүршігерлік қылмысқа барғандарды ату жазасына кесу ұсынылды

«Қатыгездік жасаған кісі, мәселен, бүкіл отбасын қырып тастаған адам қалай өмір сүреді? Оның өмір сүруге қандай құқысы болады? Алып тастауға болмайды, сондықтан қайтадан кіргізу керек», - дейді Ұлттық ғылым академиясының академигі Салахиден Сәбікенов.

Қазақстанда соңғы ату жазасы осыдан 16 жыл бұрын болған еді. Соған дейін аса ауыр қылмыс жасағандардың саны 266 адам еді. Оның 150-і өлім жазасына кесілген.

Ал 2004-2005 жылдар арасында өлім жазасына лайыкты бес адам қылмыс жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601466-qazaqstanda-terrorlyq-areketke-bargh.html