RU

"Дударай" әнін шырқаған кішкентай қазақ қызына қытайлықтар тік тұрып қол соқты

Ғаламтор желісінде «Дударай» әнін қазақ және қытай тілінде жанды дауыста орындаған жеткіншектің видеосы жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео Facebook қолданушысы Анара  Қызатаева өзінің жеке парақшасына салған.

Тағы оқыңыздар: "Ninety one-ды" жақтап, балағат сөздер жаудырған қыздар желідегілердің ашуына тиді (видео)

Желі қолданушыларының сөзінше6 бұл аспан асты елінде өтіп жатқан балалар байқауы. Осы байқауда қос тілде халық әнін нақышына келтіріп орындап, қара жорға билеген кішкентай қызға қытайлық көрермен тікесінен тік тұрып қол соқты.

Ал, әділқазы алқасы болса күміс көмей әншінің өнеріне тәнті болғандары сонша ән біткенше бастарын шұлғып, ризашылықтарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601526-dudaray-anin-shyrqaghan-kishkentay-qaza.html