RU

Меккеге жеткен қазақстандық қажылар күн-түн демей қағбаны тәу етуде

Қазақстаннан шыққан қажылардың барлығы Мекке қаласына жетіп үлгерді. Келушілер кіші қажылығын (умра) өтеп, Аллаға құлшылық қылуда. Жер бетіндегі ең алғашқы Алланың жердегі үйін көзімен көру қуанышы бұйырған қажылар саны бірнеше миллионнан асады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Қажылық рәсімдерін дұрыс атқару үшін алдын ала жұмыс жүргізетін үлкен топты еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы басқарады. Қаңтар айынан бастап Сауд Арабия патшалығымен қажылардың жағдайы үшін келісімшартқа қол қойылды. Себебі, осыған дейін бір апта бойы Иран мен Дубайда кісілеріміз қалып қоятын. Қаншама қажыларымыз сенделіп кеткен кездер болды. Заттары, өздері жоғалып кетті. Осындай келеңсіз жағдайлар болмауы үшін миссия жұмыс жүргізеді. Біздің мақсатымыз, елімізден келген 2500 қажының дер кезінде шариғат шарттарымен санасып, қажылықтың барлық амалдарын дұрыс орындалуына жағдай жасау. Елімізден келген азаматтар келеңсіз жағдайларға тап болмауы керек», - дейді Қазақстан Қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық қажылар әр намазға мың есе сауап жазылатын мешітте жүр

Мекке қаласындағы Albugis Plaza қонақ үйіне тек Қазақстаннан келген қажылар орналастырылған. Миссияның құрамы барлық қажылық компанияларын аралап, қауіпсіздік пен рәсімдердің дұрыс атқарылуын қадағалап жүр. Тау мен тастың үстіне тұрғызылған қалада қасиетті орындардан басқа көз қызығатын ештеңе жоқ. Күн өтпеу үшін үйлердің терезелері кішкентай етіп салынған. Тас тауларды қаланың кез келген көшесінен көре аласың. Тұрғын үйлер таулардың төбесіне дейін салынған.

Қасиетті қағбаны көру – әр мұсылманның арманы. Дін қызметкерлері қажыларға қағбаның қасиетін сезіну үшін оны көргенше басын тек төмен салуды сұрайды. Қағбаны жеті рет айналып шыққан қажылар Сафа мен Мәруа жоталарын 7 рет жүріп өтеді.

Осы жерден қажылар зәмзәм киелі суының дәмін тата алады. Қажылар келесі рәсім арафат аймағында дұға жасау үшін ертең Мина жазығына аттанады.

Тағы оқыңыздар: Меккеде жат ағым өкілдері қатаң бақылауда (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601725-mekkege-zhetken-qazaqstandyq-qazhylar.html