RU

Қорқынышты болды: Ақтауда 11 жасар бала қызды педофилден құтқарып қалды (видео)

Ақтауда 11 жасар Ақжол Сансызбай қызды зорлықтан құтқарып қалды. Ол ер адамға тап бергенде, педофил қорыққаннан қашып кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Тумбаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай жексенбі 27 тамызда 3Б ықшамауданында болған. Ақжол құрылыс алаңы маңында ер адам қыз баланы сүйретіп әкетіп бара жатқанын байқап қалады.

"Мұны көргесін, ақырындап оның артынан еріп бардым. Қорқынышты болды, алайда мен оны зорлаушымен қалдырып кете алмадым. Арттарынан үшінші қабатқа көтерілгенде, қыз бала қатты айқайлап, жылай бастады. Ал ер адам одан үнін шығармауды талап етті.

Тағы оқыңыздар: Меккеге жеткен қазақстандық қажылар күн-түн демей қағбаны тәу етуде (фото)

Бұл расымен қорқынышты еді. Зорлаушы қыз баланы тамағынан ұстап, қылқындыра бастағанда, мен оған тап бердім", - дейді оқушы.

Педофил тасадан біреу оған тап береді деп күтпеген болуы керек, бірден қызды жайына жібере салып, ізін жасырған.

Ақжол зардап шеккен қызды үйіне дейін шығарып салып, сол жерде полиция шақыртылады. Жас баланың өжеттілігі мен жедел әрекет етуінің арқасында күдікті алысқа қаша алмады. Полицейлер оны 15 минуттың ішінде ізін қуып, құрықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601737-qorqynyshty-boldy-aqtauda-11-zhasar-bala.html