RU

Танымал кәсіпкер Алматы зообағының 60 мың еуро қарызын өз қалтасынан төлеп берді

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматы зообағының 62 мың еуро қарызын өз қалтасынан төлеп берді. Бұл туралы зообақ директоры Ержан Еркінбаев Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Қайрат Құдайберген Алматы зообағының реконструкциясына жоба құрғаны үшін танымал неміс сәулетшісі Питер Разбахқа төленуі тиіс қаражатты төлеп берді. Атқарылған жұмысқа қарыз мөлшері 62 мың еуроны құраған. Өзінің еңбек терімен табылған ақшасын қаланың көркейуі үшін бере салу әркімнің қолынан келе бермейді.

Тағы оқыңыздар: Қорқынышты болды: Ақтауда 11 жасар бала қызды педофилден құтқарып қалды (видео)

Енді Қайрат екеуіміз Разбахпен ынтымақтастықты жалғастырып, жобаны аяқтамақ ниеттеміз! Рахмет Қайрат", - деп жазған Еркінбаев.

Бұған дейін Қайрат Құдайберген Ақтөбеде су тасқынынан үйсіз қалған оқушы қызға пәтер сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601800-tanymal-kasipker-almaty-zoobaghynynh-60-m.html