RU

Қазақстанның діни басқармасы Меккедегі жат ағым өкілдерін қатаң бақылауда ұстап отыр (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық миссиясы діни рәсімнің дұрыс атқарылуымен қатар қауіпсіздікті де жіті бақылап отыр.

«Жүрегі лүпілдеп қажылық орындауға келген адамның Аллаға деген махаббатын пайдаланғысы келетіндер болуы мүмкін. Теріс ағымдағылар оларға насихат айтпауы үшін жеке жұмыстар жасалып жатыр. Егер біз қажылықта жүріп арамыздан сайланған басшыларға бағынбасақ, құлшылығымызда күмән болады. Қажылық миссиясының құрамында Ержан қажы Малғажыұлының басқа ағым өкілдерімен жұмыс істейтін көмекшісі бар. Қазіргі уақытта осы бағытта бірнеше жұмыстар атқарылып келеді», - дейді Қазақстан Қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев.

Тағы оқыңыздар: Меккеге жеткен қазақстандық қажылар күн-түн демей қағбаны тәу етуде (фото)

Миссияның өкілдері әрбір компания қажыларымен кездесулер өткізіп, жеке сұрақтарды шешуге көмек көрсетіп жатыр. Олар қажыларға сырттан келіп уағыз жасайтындардан сақ болуды ескертті. Сонымен қатар, таратылған тегін кітаптарды алудың үлкен қиындықтар әкелетінін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1601816-mekkede-zhat-aghyt-okilderi-qatanh-baqyl.html