RU

Қапшағайда казино алдына қойылған элиталы көлікті бұзақылар әдейі өртеп жіберді (видео)

Қапшағайдағы казинолардың бірінің алдына  жарнама ретінде қойылған Toyota Land Cruiser автокөлігін бұзақылар өртеп жіберді. Олардың көлікке жасаған шабуылы Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Кадрлардан белгілі болғандай, бір топ ер адам дәл жанынан өрт шығып жатқан қара түсті жеңіл көлікке асығыс отырып, кетіп қалады. Ал сол кезде Toyota Land Cruiser-дің салоны отқа оранған.

Біраздан соң казино қызметкерлеріне ұқсас адамдар ғимараттан атып шығып, жол талғамайтын көлікке су шаша бастаған.

Тағы оқыңыздар: Айқынды қапсыра құшақтап, жібермей қойған қарағандылық қыз күлкіге қарық қылды (видео)

Sputnik Казахстан агенттігіне Алматы облыстық ІІД берген мәлімет бойынша, бұл оқиға 27 тамызға қараған түні тіркелген, казино әкімдігі Капшағай қалалық ІІБ -не шағым түсірді.

"Казино алдына жарнама ретінде қойылған Toyota Land Cruiser-200 автокөлігін әдейі өртеген", — деп түсіндірді ІІД өкілі.

Қылмыстық іс Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 202 бабы 4 тармағы "Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша қозғалды. Қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру шараларымен Қапшағай қалалық ІІБ айналысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602094-qapshaghayda-kazino-aldyna-qoyylghan-el.html