Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты "Новая волна" байқауында ел намысын қорғайтын Рүстемнің дайындығы қалай?

Опубликовано:

«Жаңа толқын» (Новая волна) ән-байқауында ел намысын қорғайтын Рүстем Жүгінісовтің байқауда қандай ән шырқайтыны белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қыркүйек айының басында әнсүйер қауымды әдеттегідей ауқымды шара күтіп тұр. Жас таланттардың өнерлеріне тәнті болғысы келетін тыңдармандар қыркүйектің 8-14 аралығында Ресейдің Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауын тамашалай алады. Аталмыш ән додасында биылғы жылы ел намысын белгілі әнші Рүстем Жүгінісов қорғамақ.

Әншінің бүгінгі дайындығы мен оның байқауда қандай ән шырқайтыны жайлы NUR.KZ порталына топ әкімшісі Елжас Мұқанәлі баяндап берген еді.

Танымал әнші байқаудың бірінші күні әйгілі «Duran Duran» тобының «Notorious» әнін орындаса, екінші күні қазақстандық белгілі топтың әнін шырқамақ.

Тағы оқыңыздар: Айқынды қапсыра құшақтап, жібермей қойған қарағандылық қыз күлкіге қарық қылды (видео)

«Рүстем үш күн бойы байқау талаптарына сай түрлі әндерді орындайтын болады. Бірінші күні «Notorious» әнін орындаса, екінші күні қазақстандық «Найза» тобының «Сүйем сені» әнін орындайды. Аталған әндердің барлығын өзіміз таңдадық. Дайындығымыз да өте жоғары. Алла қаласа, елге жүлдемен ораламыз деген үміттеміз», -дейді топ әкімшісі.

Сондай-ақ, Елжас Мұқанәлі «Жаңа толқында» өнер көрсететін қарсыластардың да осал емес екенін атап өтті.

«Қарсыластардың дайындығы да жаман емес. Сонда да бар күш-жігерімізді салып, жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамыз. Тағы бір айта кетерлігі, ән-байқауының соңғы күні Рүстем Джоржан Аракелянның «Freedom» әнін орындайды. Бұл ән ағылшын тіліне аударылып, Рүстем оны осы тілде шырқайтын болады», -деп сөзін қорытындылады топ әкімшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1602294-ataqty-novaya-volna-bayqauynda-el-namy/

pixel