RU

Ақтаулық қария: Алпыстан асқан кемпірім менің көзіме 15 жастағы қыздай көрінеді

Мекке қаласында қажылық парызын өтеп жүрген Бақытжан Ілиясов кемпірін жетектеп құлшылық жасауда. Алладан кейін балалары мен кемпірін қатты жақсы көретінін айтқан ақсақал жас ата-аналардың бала тəрбиесіне көңіл бөлмейтініне алаңдайтынын алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Кемпірімді ертіп, Алланың алдындағы парызымды өтеуге келдім. Менің көзіме 60 жастан асқан кемпірім 15 жастағы қыздай көрінеді", - дейді Бақытжан Ілиясов.

Қария Меккеге Ақтау қаласынан келген. 63 жасқа шыққан ақсақал ата-аналардың жауапсыздығынан бəлеқор балалардың тəрбиеленіп жатқанына алаңдады.

Тағы оқыңыздар: Қажылықта жүрген 90 жастағы қария намаз оқып жатып аяғын жарақаттап алған

"Қазіргі келіншектер өз қызымен сөйлесе алмайды. "Міне, 40 жасқа келдім немесе 60 жасқа толып жатырмын. Мен де сендей қыз болғанмын. Өзге елге келін болдым. Мынадай нəрселер сенің міндетің болады: Əйелдің міндеті-отбасының тыныштығы. Біз аспаннан салбырап не жерден көктеп шыққан жоқпыз. Қызым, өмірде түрлі қиындықтың барын есіңнен шығармашы", - дейтін аналар жоқтың қасы. Əке де баласымен сұқбат жасай алуы керек", - дейді ол.

Ақсақал тербетіп отырған баласын телефонмен жұбататын аналар өздерінің тəрбиесін қолға алса екен деген тілек білдірді.

"Мына заманда бəлеқор балаларды тəрбиелеуден сақтануымыз керек", - деп түйіндеді сөзін Бақытжан Ілиясов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602369-aqtaulyq-qariya-alpystan-asqan-kempir.html