RU

Трамп: Түптің түбінде Ресеймен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатамыз

АҚШ президенті Трамп "Ресей АҚШ-қа қауіп төндіре ме?" деген сұрақтан жалтарды. Ақ үйде Финляндия президенті Саули Ниинистёмен бірге өткізген баспасөз конференциясында Дональд "АҚШ-қа қауіп төндіретін елдер көп", - деп жауап берді.

Сондай-ақ, президент Құрама Штаттардың Ресеймен қарым-қатынасы түптің түбінде түзелетінін айтты.

"Бұл - үлкен мемлекет, ядролық держава, бұл тіл табысатын ел. Түптің түбінде Ресеймен тіл табысамыз деп ойлаймын", - деді ол.

Тағы оқыңыздар: Бердібек Сапарбаев: Егер білім саласында тамыр-таныстық болса, онда біткеніміз

Трамптың сөзіне қарағанда, Ресей Финляндияны қатты сыйлайды, бұл "жақсылықтың нышаны".

"Күндердің күнінде АҚШ Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатады: бұл әлемдегі бейбітшілік үшін маңызды", - деді Трамп.

АҚШ президенті Балтық аймағын әлемнің "өте маңызды бөлігі" деп атады. Сол себепті АҚШ Балтықтағы одақтастары мен әріптестерін қорғайды.

Финляндия президенті 15 жылда бірінші рет АҚШ-қа ресми сапармен барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602405-tramp-tuptinh-tubinde-reseymen-til-tab.html