RU

Атырауда 48 жастағы алматылық азамат бойжеткендерді жезөкшелікке жеккен (фото)

Атырауда басқа жақтан келген жезөкшелер мен олардың «жеңгетайы» ұсталды деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, «Stop-трафик» операциясының барысында ІІД қызметкерлері Алматының 19, 21, 22 23 және 38 жастағы бес тұрғынын Сәтпаев даңғылының бойындағы жалдамалы пәтерде интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген 48 жастағы алматылықты қолға түсірді.

Тағы оқыңыздар: Шақыртуға асыққан алматылық өрт сөндірушілер көшеде аударылып қалған (фото)

Ол клиенттерден түскен ақшаның көп бөлігін өзіне алып отырған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталып, ол Атырау қаласындағы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602458-atyrauda-48-zhastaghy-almatylyq-azamat-bo.html