RU

Қазақ боксшысы әлем чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді (видео)

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шықты. Отандасымыз Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті жеңді деп хабарлайды vesti.kz.

Бірінші раундта боксшылар бір-бірінің қателігін күтіп, бақылаумен өткізді. Жылдам белсенділік танытып, шабуылға шығуға асықпады.

Екінші раундта тәжірибелі кубалық боксшы басымдығын танытып шықты. Үшінші раундта Әбілханның басымдығы байқалып, жеңіске бастар жолды таба білді.

Тағы оқыңыздар: Шақыртуға асыққан алматылық өрт сөндірушілер көшеде аударылып қалған (фото)

Қос боксшы осы жылдың өзінде екінші рет шаршы алаңда жолықты. Шілде айында Астанада өткен WSB жобасының финалында "Бостандық аралының" боксшысына жол беріп алған еді. Сол есесін бүгін әлем чемпионатында қайтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602494-qazaq-boksshysy-alem-chempionatynda-ri.html