RU

Бүгін республиканың басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады

Қазақстан территориясының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, Батыста және Оңтүстікте шаңды дауылмен жел соғады.

Жамбыл облысында күндіз, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с-қа күшейеді.

Тағы оқыңыздар: Қазақ боксшысы әлем чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді (видео)

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602532-bugin-respublikanynh-basym-boliginde-2.html