RU

Қазақстандықтар Конституция күнін тойлауда

Бүгін Қазақстанда Конституцияның 22-ші туған күні тойлатылуда. Еліміздің бас заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Бұған дейін Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді.

Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.

Тағы оқыңыздар: Қазақ боксшысы әлем чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді (видео)

Парламент туралы Конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 жылы желтоқсанда екі палаталы парламентке сайлау өткізілді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың осы апта төрт күн бойы демалатыны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602536-qazaqstandyqtar-konstituciya-kunin-t.html