RU

23 жас кіші келіншегі Алпысбай сыйлаған қария қалай қуанғанын айтып берді

Рушти Мурадов Алматы облысының Есік қаласында тұрады. Түрік азаматының Қазақстанға келгеніне 40 жылға жуықтаған. Рушти Мурадов əйелінен ерте айырылғанда кішісі екі жасында қалған үш қызын жалғыз өсірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қыздарын тұрмысқа жібергеннен кейін үйленген ақсақал 60 жасқа қараған шағында ұлды болғанын қуанышпен айтып берді.

"Мен үш рет үйлендім. Бірінші əйелім толғақ үстінде қайтыс болған. Бірінші ұлым да сол кезде шетінеп кетті. Үш қызымды өзім өсірдім. Анасынан екі жасында қалған кіші қызымды жұбатып жүрген кезім əлі есімде. Қыздарымның жалтақтап өскенін қаламадым. Олар тұрмысқа шыққаннан кейін ғана үйленуді ойладым", - дейді Рушти Мурадов.

Тағы оқыңыздар: Мұсылмандар пайғамбар қабірі жанындағы «Жәннат бағында» егіле жылады (фото, видео)

23 жас кіші келіншек қарияға Алпысбайдың қуанышын көрсеткен.

"Екінші некем сəтсіз болып, үшінші рет үйлендім. Əйеліммен бірге тұрғанымызға 13 жылға қарады. Ол кісі маған 58 жасымда ұл сыйлады. Алпысбайым 10 жастан асты. Ұлды болғанымда қатты қуандым. Алпысбайымды көргендегі қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес", - дейді 66 жастағы қария.

Бүгінде қыздарынан немере, шөбере сүйіп отырған Рушти Мурадов Мекке қаласында құлшылық жасап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602556-23-zhas-kishi-kelinshegi-alpysbay-syylaghan.html