RU

Қытайда жүрген қазақстандық студенттерге шетелдіктер Димаштың туысындай қарайды

Сафура Ерғалиева қытайдың Шанхай қаласында медицина факультетінде оқиды. 10 мың иероглиф білетін қазақ қызы Қытай еліне 13 жасында барған. Димаштың қытай елін дүр сілкіндіргенін айтқан студент олардың қазақстандық студенттерге Димаштың туысындай қарайтынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Қытайлықтар Қазақстаннан келген әр адамға «Димашты танисың ба?» деп жүгіреді. Олар Димаш туралы сұрай береді. Димаш Құдайбергеновтың өнерінен кейін қазақстандықтарға қызығушылықпен қарай бастады. Ол қытай елін адам сенгісіз жағдайда дүр сілкіндірді. Димашты әр адам таниды. Қазақстаннан екеніңді білсе, бірден «Димашты білесің бе, Димашты танисың ба» деп сұрақты жаудырады», - дейді Сафура Ерғалиева.

Тағы оқыңыздар: 23 жас кіші келіншегі Алпысбай сыйлаған қария қалай қуанғанын айтып берді

 

Қытайдағы медициналық университете оқитын ақтөбелік қыз шетелдіктердің Нұрсұлтан Назарбаевты мақтап, Димаш Құдайбергеновке қызығатынын байқаған.

«Өткен жылы қолайсыздау болды. Менің Қазақстаннан, оның ішінде Ақтөбеден екенімді білгенде қытайдағы достарым шошып қарайтын еді. Себебі, ол кезде Ақтөбеде теракт оқиғасы болып жатты. «Ақтөбе» дегенде біртүрлі қарайды. Кейін Димаш өнерін әлемге паш етті. Оның Қазақстаннан, оның ішінде Ақтөбеден екенін естігенде маған қызығып қарайтындар көбейді. Қытайлар шетел студенттеріне өте мейірімді, бауырмал. Біздің қалай тұратынымызға қызығады. Олар үнемі біздің президентті мақтап жатады. Олар біздің мәдениетіміз туралы жиі сұрайды. Біздің ет, жылқының етін жейтінімізге қатты таң қалады», - дейді Сафура Ерғалиева .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602567-qytayda-zhurgen-qazaqstandyq-student.html