RU

Қарттар үйінде тұратын 82 жастағы қария зейнетақысын жинап қажылыққа барды

Кәрімғали қажы Мақамбай мұсылмандарға міндет етілген қажылық парызын орындау үшін бес жыл бойына зейнетақысын жинаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«4500 доллардай болатын биылғы қажылық ақшасын жинап, ниет еттім. Таза зейнетақымның ақшасы. Осыған дейін 103 мың теңге зейнетақы алып келдім. Бес жыл бойы осы ақшаны үнемдедім. Өзім соңғы жылдарда қаржы басқармасында қызмет етіп зейнетке шыққан адаммын. Жоғарғы білімім бар. Біраздан бері ардагерлер үйінде тұрамын. 65 жасымнан бері дінге бет бұрдым. Кеше қағбаны сүйіп тұрып: «Аллам, менің жүрегіме құранды өшпестей етіп жазып бер. Құран жолымен жүруді нəсіп ет, тақуалыққа қолымды жеткізе көр» деп тілек тіледім», - дейді Кәрімғали Мақамбай.

Тағы оқыңыздар: Қытайда жүрген қазақстандық студенттерге шетелдіктер Димаштың туысындай қарайды

Зәмзәм суы қарияның дертіне шипа болған.

«Осыған дейін умра қажылыққа келген болатынмын. Қағбаның қасиетін сезген адам 50 градус ыстықты сезбейді. Керісінше, қасиетті жер оны емдейді. Зәмзәм суы барлық ауруға шипа. Мен қан қысымы жоғары адаммын. Үнемі дәрімен жүретінмін. Бес күн болды. Мен әлі бес дәрі ішкен жоқпын. Кіші дәретім бұзылған болатын. Зәмзәм суын ішкеннен кейін ол дертімнен де айырылдым», - дейді Кәрімғали ақсақал.

Ақсақал қажылықтың үлкен рух беретінін айтып қуанып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602580-qarttar-uyinde-turatyn-82-zhastaghy-qariya.html