RU

Алматының Әл-Фараби даңғылында егде жастағы әйел жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті деп хабарлады Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері.

Олардың сөзіне қарағанда, 1931 жылы туған әйел рұқсат етілмеген жерде жолдан өтіп бара жатқан. Mazda жүргізушісі бірден тоқтап үлгермей, әйелді қағып кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында жантүршігерлік ұшақ апатынан тірі қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтты

Оқиғаның мән-жайын полицияда анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602803-almatynynh-al-farabi-danhghylynda-egde-zh.html