RU

Бақытты жұптардың күн сайынғы әдеттері қандай?

Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына сызат түспеуі үшін үнемі оны дамытып отыру керек. Психологтар ол үшін күнделікті «әдеттер» көмектесетінін айтады. Ал ол қандай әдеттер? Бұл сұраққа жауапты ikerim.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Үйге келген соң, ұйықтар алдында бұл ережелерді күнделікті сақтау қажет.

Жұмыс туралы ұмытыңыз.

Бақытты жұптың бір белгісі, олар жұмыстың шаруасын кеңседе қалдырып кетеді. Үй сіздің демалатын, рахат табатын, жақындарыңызбен уақыт өткізетін жеріңіз. Есте сақтаңыз, сізде түрлі жұмыс орындары болуы мүмкін, ал сүйіктіңізді қайта кездестіретініңізге кепілдік жоқ!

Тағы оқыңыздар: Алматының Әл-Фараби даңғылында егде жастағы әйел жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Телефоныңызды сөндіріңіз.

Қазіргі адамдардың барлығы уақыттарын әлеуметтік желіде өткізеді. Олар өз өмірлерін смартфонсыз елестете де алмайды. Кешкісін өзгелердің жазбаларын оқып уақыт өткізудің пайдасы аз. Керісінше сүйіктіңізге көңіл бөліңіз.

Жатын бөлмеге балаларды кіргізбеңіз.

Жатын бөлме сіз бен серігіңізге ғана тиесілі болуы керек. Ол жерде тек екеуіңізге ортақ әңгімелер айтылып, сүйіспеншілік айтатын орын. Ал балалар жеке бөлмеде ұйықтағаны абзал.

Сөйлесіңіздер.

Сөйлесу адамдарды бір-біріне жақындастырады. Ашық әңгіме айтып, пікір білдіруден, оны тыңдаудан аянып қалмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1602833-baqytty-zhuptardynh-kun-sayynghy-adette.html