RU

Дариға Назарбаева: Әйелдер болмаса денсаулық пен білім саласы құрдымға кетер еді

Қазақстандағы барлық тауарлар мен қызметтің жартысына жуығын әйелдер өндірген. Кәсіпкер қыз-келіншектердің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға жетіп отыр. Бұл шекті көрсеткіш емес. Нәзік жандылар 70 пайыздық межені бағындырмақ ойда. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан іскер әйелдердің саммитінде айтылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Халықаралық жиынға сенат депутаты, әйелдер кәсіпкерлігінің қамқоршысы Дариға Назарбаева қатысты. Сенатор қазір бизнес талаптарының түбегейлі өзгергенін айтты.

"Қазір кім кімнен үйренуі керек деген күмәнді сұрақ. Шынын айтқанда үлкендер бизнес жасауды керісінше жастардан үйренсе деймін. Цифрлік технология, интернет, әлеуметтік желілер бизнес үшін шексіз мүмкіндіктерді ашып отыр. Мен 14-17 жастағы балалардың компьютер алдында отырып ақша тапқанын көрдім. Ондай табыс түрі біздің түсімізге де кірмеген", - дейді сенат депутаты Дариға Назарбаева.

Тағы оқыңыздар: Қажылықта жүрген ресейлік келіншек ұлды болды (фото)

Әлемде қазір әйелдердің кәсібі деген ұғым жойылды. Бұл үрдіс Қазақстанға да әлдеқашан жеткен. Оған саммитке келген қыз-келіншектер дәлел. Олар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндірісте де өнімді жұмыс істеп жатыр.

"Әйелдер болмаса денсаулық сақтау, білім саласы әлдеқашан құрдымға кетер еді. Жұмыссыздық жайылар еді. 30 пайызға дейін. Құрметті апа-сіңілілер, сіздердің еліміздегі ІЖӨ-ге қосар үлесіңіз 40 пайызды құрайды. Мұнымен де шектелмейді деп ойлаймын", - дейді Дариға Назарбаева.

Жиында жас кәсіпкерлер аға буынмен танысып, тәжірибе алмасуға келісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603062-darigha-nazarbaeva-ayelder-bolmasa-de.html