RU

Қайғылы жағдай: Қарағанды шахтасында метан газы жарылып, үш адам қаза тапты

Бүгін таңғы сағат төрттер шамасында Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында орналасқан «Арселор Миттал Темиртау» мекемесіне қарасты Казахстанкая атындағы шахтада метан газы жарылды деп хабарлайды Хабар24.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада 136 адам болған. Сондай-ақ төтенше аймақта болжам бойынша төрт адам қалған.

Тағы оқыңыздар: Теңге неліктен құлдырап жатыр?

Соңғы ақпарат бойынша, үш қаза болған адамды шахта жұмыскерлері байқады.

Оқиға орнында ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандандырылған әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603111-qayghyly-zhaghday-qaraghandy-shakhtasynda.html