RU

Туған інісінің тойында орыс тілінде ән шырқаған Қайрат Нұртас жұртты таңғалдырды (видео)

Аян Нұртастың үйлену  тойында туған ағасы Қайрат пен Заңғар Нұртастар орыс тілінде бауырларына арнап ән шырқап, рэп оқыды.

Аталған видеоны желідегі парақшасына жүктеген Заңғар Нұртас бауырына деген ақ тілегін жазып, әннің өзіне арналатынын айтқан.

"Бауырым, мынау бізден саған! Отбасыңа тірек болатындай азамат бол!", - деп жазған видео жанына.

Тағы оқыңыздар: Дариға Назарбаева: Әйелдер болмаса денсаулық пен білім саласы құрдымға кетер еді

Еске салсақ, Қайраттың інісі Аян кеше Алматы төрінде дүркіретіп үйлену тойын өткізді. Тойға отандық шоу-бизнестің біраз өкілі атсалысып, құрметті қонақ болды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603136-qayrat-nurtas-inisininh-toyyna-arnap-o.html