RU

Жамалиевтің VIP-түрмесі: Жеке камера, сыра және сылқымдармен көңіл көтеру

"Время" басылымының тілшілері сотталушы Қайрат Жамалиевке түрмеде VIP-жағдай жасалғанын анықтады. Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов сотталушылар үшін бірдей жағдай жасалғанын мәлімдеген болатын. Алайда іс жүзінде бәрі өзгеше болып шықты.

2017 жылдың бесінші тамызы. Түнгі бірде Алматы облысы ЛА 155/14 колониясының басшысы Бауыржан Алтынханов аймақты тексеруге шықты.

Екінші бекеттен ол қолында екі дорбасы бар ер адамды байқап қалады. Жақындай келе ол ер адамның рота командирі, капитан Мұқышев екенін түсінеді.

"Рациядан кезекші бақылаушыны шақырып, капитанның дорбаларын тексеруді бұйырдым. Жасақ бейнекамерамен "қаруланып", менің және Мұқышевтің көзінше дорбаларды ашты. Бір дорбада салқын сусындар, ал екіншісінде сыра" - дейді капитан Алтынханов.

Тағы оқыңыздар: Өзі туралы бағдарлама түсіруге рұқсат бермеген Бүркіттің анасы елді тәнті етті

Мұқышев басшылықтың бұйрығы бойынша сотталушыға сусындарды жеткізуді талап етті. Кейін бұл бұйрықты кім бергені анықталды: әділет полковнигі, Алматы облысы қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті (ҚАЖД) басшысының орынбасары Балабек Жүнісов Қайрат Жамалиевке сыйлық жолдаған екен.

Колония басшысының көмекшісі рация арқылы жедел бөлім басшысы мен оның орынбасарын шақырды. Екі офицер де Жамалиевке қатысты құжаттар рәсімдеуден бас тартты. Олар Алтынхановқа полковник Жүнісовтің бұйрығынан хабардар екенін алға тартқан.

Жеке камера және сылқымдармен көңіл көтеру

Алтынханов құқықбұзушылықты бейнекамераға түсіріп, Мұқышевтен дорбаларын алып кетуін сұрайды. Ол кетіп қалып, біраздан кейін кезекші бөлімге ұялы телефонмен қайта кіреді. Капитанға қудалауға ұшырайсың деп қоқан-лоққы көрсеткен Мұқышев болған жайтты құжатқа түсірмей, ұмытуды талап етеді.

Алайда Алтынханов бұйрықты орындамай, Мұқышевті қуып жіберген. Кейін басшысы, подполковник Шәріпбековке рапорт жазады.

Таңертең Жүнісовтің өзі колонияға ашуға булыққан күйі жетіп келіп, бес жыл бойы құрмет тақтасына ілініп тұрған Алтынхановтың фотосын жұлып, алып тастағаны белгілі болды.

Алтынхановтың айтуынша, Ұлттық гвардия ротасының командирі ҚАЖД басшысының орынбасарына бағынышты емес - бұл бір министрлікке қарасты болғанымен бөлек құрылым екен. Алайда Жүнісов түрме жүйесінде белді адам саналады және оның сөзі облыстағы барлық колония қызметкерлері үшін заң болып табылады.

Тағы оқыңыздар: Туған інісінің тойында орыс тілінде ән шырқаған Қайрат Нұртас жұртты таңғалдырды (видео)

"Жүнісов зонаға нені алып кіріп, нені алып кірмеуге болатынын жақсы біледі. Әр жиында өзі бізден заңды бұлжытпай орындауды талап етеді. Сөйтіп алады да, өзі бұзады. Жүнісовтің Жамалиевке қамқор болып жүргенін, тіпті бірнеше рет заңсыз кездесулер ұйымдастырып бергенін талай рет естігенмін.  Заң бойынша кездесу тек сотталушының туыстарына рұқсат етіледі. Алайда Жамалиевтің бөлмесінде ұзақ уақыт бойы сұлу бойжеткен демалды. Одан бөлек Жамалиев өзге сотталушылар секілді отрядта тұрмайды: оның камерасы  - зонадағы оқшау тұрған бөлме. Онда сотталушылардың тұруына тыйым салынған", - дейді Алтынханов.

Бюрократиялық футбол

Алтынханов басшылықтан қолдау болмайтынын түсініп, бұл жайтты ҚАЖД-ның бұрынғы басшысы әрі бауыры Нұрланға айтып береді. Нұрлан бірден ІІМ жеке қауіпсіздік қызметі департаменінің сенім телефонына қоңырау шалады.

Оны тыңдаған кезекші қабылданған шешім туралы жазбаша жауап беруге уәде етеді. Кейін олар Нұрланға қайта қоңырау шалып, Жүнісов пен ҚҚД басшысы Қуат Оспановтың бір-бірін жақсы танитынын алға тартқан.

Алтынхановтың рапорты ресми түрде тіркелгенімен, ҚҚД қызметтік тергеу жүргізбей қойыпты. Олар погондылардың құқықбұзушылықтарын болдырмау үшін барынша әрекет етуі тиіс еді. Алайда үлкен тексеріс жүргізудің орнына, бюрократиялық футбол ұйымдастырған.

Еңбек демалысына кетіп қалды

"Қызметтік тексерісті күту нәтиже бермегендіктен, мен облыстың ҚҚБ-на барып, шағым түсірдім. Мені ешкім сұрақтың астына ала қоймады. Тек шағымым 2240 нөмірмен тіркелгені туралы талон ұстатты. Колонияға олардың келмегенін нақты білемін. Ал капитан Мұқышев қызмет ететін әскери бөлімде маған қызметтік тексеріс жүріп жатқанын алға тартып, нәтижесі туралы жазбаша жауап беретіндерін мәлімдеді", - дейді капитан Алтынханов.

Полковниктің өзінен "Время" басылымының тілшісі жауап ала алмады. Себебі, облыстық ҚАЖД-да оның еңбек демалысына кетіп қалғанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603148-zhamalievtinh-vip-turmesi-zheke-kamera-syr.html