RU

Әлем чемпионы жаттығу кезінде тіл тартпай кетті

Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Анжелик Дюшман 26 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Baq.kz.

28 тамыз күні француз спортшысы жаттығу кезінде өзін жайсыз сезінген. Спортшы қызды ауруханаға жеткізгенмен, өмірін сақтап қала алмаған. Алдын ала болжам бойынша, әлем чемпионы өкпе эмболиясынан көз жұмған.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда өрттен шошыған келіншектің тілі байланып қалды

Дюшман WBF титулын 2017 жылдың мамыр айында жеңіп алған еді, ал қазан айында атағын қорғау қажет болған.

Дюшманның әкесі кәсіби боксшы төрт жыл бұрын жүрек талмасынан қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603177-alem-chempiony-zhattyghu-kezinde-til-tar.html