RU

Алматы зообағының 60 мың еуро қарызын төлеп берген миллионер өзін сынағандарға жауап берді

Қазақстандық бизнесмен Қайрат Құдайберген алматылық зообақтың 60 мың еуро қарызын төлегені үшін өзін сынағандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Құдайберген өз жауабын Facebook парақшасында жария етті.

"Жануарларға көмектесіп не керек? Одан да ауру балаларға көмектеспейсің бе?", "Жобаны өз сәулетшілерімізге беруге болмас па еді? Олар жобаны 10 000 долларға істеп берер еді", "Бұл туралы жалпақ жұртқа жария етпей, үнсіз көмектеспейсің бе? Арзан пиар".

Жақсылық жасай отырып, өзің туралы көп біле бастайды екенсің. Мақтаншақ, байдың баласы және Айзек Әзімовтің әдеби жанрындағы өзге де қызық теңеулер.

Тағы оқыңыздар: Шоу- бизнестегі танымал сүр бойдақ көпшілікке қалыңдығын көрсетті (фото)

Көңіл-күйім түсті ме? Жоқ. Шынымды айтсам, мұндайға бұрыннан назар аудармайтын болғанмын. Бәлкім пілдің терісіндей қалың тер өсірген болармын", - дейді бизнесмен.

Құдайберген зообаққа қаржылық көмекті жария ету ойында болмағанын алға тартты. Бұл туралы зообақ директоры Ержан Еркінбаев көпшілікке айтып берген. Бизнесмен не себепті зообаққа көмектесуді ұйғарғанын түсіндірді.

"Жануарларға көмектесіп не керек? Одан да ауру балаларға көмектеспейсің бе?" - Мен алматылықпын және бұл зообаққа менің ата-анам, атам мен әжем талай барған. Қазір менің балаларым барады. Сүйікті зообаққа сәл де болса үлесімді қосқаныма қуаныштымын.

Біз онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға, сонымен қатар қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға көмектесумен айналысып келеміз. Болашақта "Балаларды сауықтыру орталығын" ашуды жоспарлап отырмыз. Балалар біз үшін бірінші кезекте, дегенмен бәріне көмектесу мүмкін емес.

2) Біздің сәулетшілер дарынды екеніне күмәнім жоқ, алайда кәсіби құрылысшы ретінде айтарым, зообақтың жобасына кірісе алатын мамандар Қазақстан түгілі әлем бойынша сирек кездеседі.

Сол үшін Еуропадағы үздік сәулетші Питер Разбахты тартуымызға тура келді.

3) Пиар? Жоқ. Біз көп нәрсені үнсіз жасап келеміз. Бұны жүздеген адам растай алады.

Сынайтындардан сұрағым келеді, бәлкім сіздер өздеріңіз бір әрекет етесіздер?" - дейді Құдайберген.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Құдайберген Ақтөбеде су тасқынынан үйсіз қалған оқушы қызға пәтер сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603251-almaty-zoobaghynynh-qaryzyn-tolep-berg.html