RU

Бейқам келе жатқан бойжеткен жердің астына түсіп кетті

Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы жантүршігерлік жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Метро жолаушысы люктің сынған тақтайына басып қалып, дәл эскалатордың алдында жер астына түсіп кетті деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Абырой болғанда бойжеткеннің қасында ер адам болып, ол жәбірленушіні бірден шығарып алып, елдің назарын өзіне аударған.

Тағы оқыңыздар: "Ұлыма сай емессің": Келіні енесінің сөзіне шыдамай, оның басын кесіп тастады (фото)

The Sun басылымының жазуынша, оқиға 30 тамызда болған. Қытайдың мемлекеттік арнасы бойжеткеннің өміріне қауіп төндіретін жарақат алмағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603262-zherdinh-astyna-tusip-ketken-qytaylyq-q.html