RU

Шымкентте мас жүргізуші 10 жасар қызды қағып өлтірді

Шымкентте «Ваз-21102» көлігінің мас жүргізушісі 10 жасар қызды қағып өлтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

30 тамыз күні полицияға Еңбекші ауданындағы көшелердің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабар келіп түсті. Полицейлер жол апатына кінәлі 51 жастағы Шымкент тұрғынының мас екенін анықтады.

Ер адам көлікті басқара алмай қалып, бесінші сынып оқушысын қаққан. Салдарынан он жасар қыз бала емханада тіл тартпай кетті.

Тағы оқыңыздар: Мұхтар Тайжан шетелге оқуға кеткен вице-министрді қызметінен қууды талап етті

"Медициналық куәландыруға сәйкес, "ВАЗ" көлігінің жүргізушісі орташа деңгейде мас күйде болған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Соталды тергеу жүргізілуде", - дейді ІІД баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603366-shymkentte-mas-zhurgizushi-10-zhasar-qyzdy-q.html