RU

ОҚО тұрғыны күзетшілік жұмыс қазақтың ғана маңдайына жазылғанына күйінді

Көпұлтты Қазақстанда күзет қызметін атқаратындар жаппай тек қазақ азаматтары екенін байқаған Zamana газетінің оқырманы оның себебін іздеуге тырысты. Айтуынша,  өзге ұлт өкіл­дерінің арасында күзет­шілікті кәсіп еткендер жоқ. Оқырманды қазақ азаматтарының күзетшілікті неліктен "патенттеп" алғаны мазалайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ринат Рафхат есімді оқырманды еліміздің түкпір-түкпіріндегі өндіріс орындары, кафе-барлар, сауда үйлері мен базарлардың тыныштығын жаппай қазақ күзетшілерінің сақтап жүргені таңғалдырады.

"Осы сұрақ мені мазалап ке­леді. Неге «күзетші» деген кәсіп иелері жаппай қазақ азаматтары? Қа­зақстанда қоныстанған бас­қа ұлыс­тарға бұл кәсіп бұйырмапты. Құдай күзетшілік қылуды тек қа­зақтың маңдайына жазғаны ма? Қай қалаға барсам да, қай обылыстың аудандарын араласам да арқаларында «күзетші» деген жазу бар ылғи қа­зақ. Өндіріс орындарын, кафе-барларды, сауда үйі мен базарларды күзететін сол қазақ күзетшісі.

Егер біздің ел тек бір ұлт – қазақтан ғана құралған болса, онда бұл сауалға жауап іздеп бас қатырмас едім. Алайда Қазақстан көпұлтты мемлекет. Десек те өзге ұлт өкіл­дерінің арасында күзет­шілікті кәсіп еткендер (мүмкін мен көрмеген болармын) жоқ деуге болады. Былайша айтқанда, қай салада болмасын, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің кәсіп­тері  – «жылы жерде» отыру. Ал бұлардың күн­дізгі және түнгі ты­ныштығын қамтамасыз етіп, күзете­тін сол сорлы қа­зақ тағы да", - деп жазады ол.

Осылайша бас қатырған оқырман бұл жағдайдың себебін өз бетінше іздеп көрген.

"Бұның салдарының ең бас­тысы – жұмыстың жоқтығынан ауылдан қа­лаға көшіп келген қа­зақтың кәсіп таңдайтын жағдайы жоғы. Әрі осы қазақтардың отбасында жоқ дегенде төрт-бес баладан бол­ғандықтан. Мы­на нарықтық заман қысқандықтан, жұ­мыссыз жүргеннен кейін бұл кә­сіпке ойланбастан кірісіп кетеді. Бір жағынан бала-шағасының нес­бесін айы­ру болса, екінші жағынан ал­қымнан алған несиесі тағы бар. Сол себептен күзет­шілікті қа­зақ xалқы «патенттеп» алғандай", - дейді Ринат Рафхат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603392-oqyrman-kuzetshilikti-patenttep-algha.html