Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қажы 70-тегі шалға тимек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды

Опубликовано:

«Перзент» балалар үйінің басшысы Әмина қажы Әжібаева астаналық қыз-келіншектерді жиып "Әзірет сұлтан" мешітінде имани сабақ өткізген деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі muslim.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақ шашты ана жергілікті әйелдерге ислам діні мен оның пайдалы тұстарын сөз етіп, әңгіме арасында өмірде көрген небір оқиғаларды айтып берді.  Соның бірі 17 жастағы қызды 70 жастағы шалға тұрмысқа шықпауға үгіттегені туралы әңгімеледі.

Тағы оқыңыздар:  "Тұмсығыңды бұзамын": Шымкенттік әйелдің соғыс ардагеріне көрсеткен дөрекілігі елдің ашуына тиді (видео)

«70 жастағы шал келді. Оған 17 жастағы қыз «өз еркіммен тием» деп отыр. Не көрінді сол қызға? Сосын ана қызды шақырып алып айттым «ананың балалары бар, немерелері бар. Дүниесіне қызығып отырсың ба? Ертең ана шал өлсе дымсыз қаласың. Сол кезде ауылыңа қай бетіңмен қарайсың? Не әйел емес, не қыз емес» деп.

Менен шыққан соң қыз ойынан айнып, ана шалға айтыпты «Әмина апай айтты маған шалға тиме деп» деген. Сол шал осы сөзіме ренжіп әлі күнге дейін менімен араласпақ түгіл амандаспай кетті. Мейлі амандаспаса өзі білсін. Сол қыздың көксегені махаббат емес, байлық болып тұр ғой. Ол шалдың немере-шөбересі бар.

Бес күн әйел болған қызға бар байлығын ұстата салады деп ойлап отыр ма? Өліп кетсе де ұстатпайды. Қыздар бар екінші-үшінші әйел болып жүрген. Бәрі тоқал болып кетсе – жас жігіттерге кім тиеді? Сол қыздардың (тоқал болғандар) жетісіп жүргені шамалы. «Талақ» айтып тастап кеткен күйеулері. Жүр іштеріндегі балаларын тастайтын жер таппай, «Әмина апай, баланы туған соң сізге қалдырайыншы» деп жалынып», - дейді Әмина Тәжібаева.

Сөз арасында өзіне көмек сұрап, балаларын тастауға келген қыздардың көпшілі жігіттердің «уақытша махаббатына басы айналып» алданып қалғандарын да айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1603426-tanymal-qazhy-17-zhastaghy-qyzdy-70-tegi-shalgh/

pixel