RU

Головкиннің "сүйіктісі" тұрмысқа шығып кетті (фото)

Аралас жекпе-жек жұлдыздары Ронда Роузи мен Трэвис Браун отбасын құрып, Гавайи аралдарында некелерін қидырды деп хабарлайды ресейлік сайттарға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осылайша жас жұбайлар Конор Макгрегор мен Флойд Мейвезердің жекпе-жегіне қатыса алмаған.

Тағы оқыңыздар: Әлем чемпионы жаттығу кезінде тіл тартпай кетті

Браун болса, өмірінің жаңа белесіндегі бұл жайтқа қатты қуанышты екенін айтып, желіде өзінің эмоциясын жасыра алмады.

"Неткен тамаша күн! Ол барлық жағынан керемет. Ол мені бақытты етуде. Менің екінші жартым. Мен сені сүйемін, Ронда Роузи", - деп жазды ол.

Ауыр салмақтағы америкалық боксшы өзінің сүйіктісіне Жаңа Зеландияға жасаған саяхаты кезінде ұсыныс жасаған.

Айта кету керек, боксшы Ронда Роузи 2015 жылы берген сұхбатында бокс жұлдызы ретінде Геннадий Головкинді жақсы көретінін айтқан болатын. Оның айтуынша, Геннадий кез келген жекпе-жекте ол үшін жеңімпаз болып қала береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603429-golovkinninh-suyiktisi-turmysqa-shyghy.html