Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеудесін үлкейтіп, силикон салдырған модель өмірінің тас талқаны шыққанын мойындады (фото)

Опубликовано:

23 жастағы Playboy моделі Сара Харрис төсін үлкейтемін деп басы бәлеге қалғанын жайып салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сара Харрис YouTube-арнасында жасанды төстің кемшіліктерін баяндайтын видеоны жария етті. Бойжеткен күнде қатты ауырсынуларға төзуге мәжбүр екенін алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте мас жүргізуші 10 жасар қызды қағып өлтірді

Ол оташылардың қателік жібергенін айтуда. Сөзіне сенсек, дәрігерлер модельге тым үлкен силикон салып тастаған. Салдарынан бойжеткенде қатерлі ісік пайда болу қаупі туындапты. Бұл қауіпті сейілту үшін оташылар оның кеудесін тағы кесіп, имплантанттар салған.

"Оларға қауіпті сейліткеніне алғыс білдіремін. Дегенмен олар менің кеудеме ота алдында өлшем жүргізбей, әу бастан тым үлкен силикон салып, қателік жіберді", - деп күйінеді ару.

Ауыр төстен әбден мазасы қашқан модель енді бұрынғы төсін қайтару үшін тағы ота жасамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1603481-keudesin-ulkeytip-silikon-saldyrghan/

pixel