RU

Сәкен Майғазиев жарының туған күніне қандай тосын сый жасады? (фото)

Сәкен Майғазиевтің сұлу да сымбатты жары Динара 41 жасқа толды. Бұған дейін де айтулы күндерді қалт жібермей, өмірлік серігіне тосын сый жасап жүрген танымал әнші бұл жолы да жұбайын қуанышқа бөлеген.

"Анасына сыйлаған 41 гүлімнен-ақ ол кісінің 20-ға толғанын біліп қойған шығарсыздар. Алла тағала қасиетті арафада тілеген дұғаларымызды қабыл еткей. Жүректеріңіздің ішіндегі жүректеріңіз аман болсын!", - деп жазған ол парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас жан жарына арнап ән орындады (видео)

Еске салсақ, жуырда ғана сүйіктісімен шет елге саяхаттап келген Сәкен Майғазиев оған дейін Динараға "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім" деген әнін арнаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603713-saken-mayghaziev-zharynynh-tughan-kunine.html