RU

Павлодарда кішкентай баланы бетонға лақтырған қатыгез ер адам табылды

Павлодар полицейлері демалыс күнінде балалар алаңындағы кішкентай балаға тап берген ер азаматты тапты. Ол балақайды басымен бетонға ұрған. Бұл туралы NUR.KZ порталы obozrenie.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысының ІІД ақпаратына сәйкес, күдікті Павлодарға Баянауылдан келген. Сол күні ол ішімдікке мас болғаны анықталды.

"Факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 41 жастағы ер адам қамауға алынды", - дейді ІІД баспасөз қызметінде.

Балақай ауыр дене жарақатын алмағандықтан, сот істі полицейлердің тергеуінсіз қарастыруда. Ер адам бұл жағдайда айыппұлмен ғана құтылады.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас жан жарына арнап ән орындады (видео)

Алты жасар зардап шегушінің миы шайқалып, басы көгерген. Балақайдың анасының айтуынша, олар жұмыста болыпты. Ал екі ұлы көрші ауладағы балалар алаңында ойнауға кеткен.

Ер адамның не себепті қорғансыз балаға тап бергені белгісіз.

"Белгісіз біреу балама келіп, "ақыл керек пе" деп сұрағанда, ұлым "жоқ" деп жауап береді. Кейін ер адам баламды мойнынан қылқындырып көтеріп, бетонға лақтырған", - дейді балақайдың анасы.

Бұл жайттан кейін қылмыскер тұрғын үй подъезіне кіріп кетіпті. Ал куәгерлер дереу жедел жәрдем мен полиция шақыртқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603743-pavlodarda-kishkentay-balany-betongha.html