RU

ІІМ Жамалиевтің VIP-камерасы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Алматы облысының прокуратурасы Қайрат Жамалиев жазасын өтеп жатқан түрмеге тексеріс жүргізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы облысының прокуратурасы "Время" басылымындағы ақпаратты тексеру мақсатында, 31 тамыз күні сағат 00:25-те бейнежазбаға түсіру арқылы күтпеген жерден түрме ішін тексерді.

ВИП-камералар туралы басылымдағы ақпарат тексеріс барысында расталмады", - дейді министрдің баспасөз қызметі.

"Сотталушы барақ тәрізді отрядта жазасын өтеуде. Ол жерде сотталушылар жалпыға ортақ тұрмыстық секцияда тұрады", - дейді ІІМ өкілі.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда кішкентай баланы бетонға лақтырған қатыгез ер адам табылды

Одан бөлек ІІМ Жеке қауіпсіздік департаменті Алтынхановтың шағымы бойынша Алматы облысы қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті (ҚАЖД) басшысының орынбасары Балабек Жүнісовтің үстінен қызметтік тексеріс жүргізуде. Тексеріс аяқталуға шақ қалды.

Тәртіптік комиссия қызметкерлер тарапынан жасалған құқықбұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кінәлілерді жазалайтын болады. Олар қызметінен қуылуы мүмкін.

Еске салсақ бұған дейін БАҚ-та Қайрат Жамалиевке түрмеде VIP-жағдай жасалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603854-iim-zhamalievtinh-vip-kamerasy-turaly-aqpa.html