RU

Төл теңгеміз тағы әлсіреді: елімізде долларды 340 теңгеден сатып жатыр

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі сауда нәтижесінде доллар бағамы 336,18 теңгені құрады. Ал ақша айырбастау пункттерінде долларды 339-340 теңгеге сатып жатыр деп хабарлайды  Kurs.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, валюта бағамының өзгеру себебі нарық жағдайына байланысты болуы мүмкін деп хабарлайды«Казақпарат».

«Теңгенің еркін айналым режимінде жүргеніне екі жыл болды. Біз бағамды белгілемейміз, инфляция жоспарланады, соған сай нарық күші біздің теңгенің кез келген шетел валютасына қатынасын анықтайды.

Біздің белгілеп қойған консерваторлық мұнай бағасына жасаған макроболжамымыз оған әсер етеді деп ойламаймын. 

Бірақ  доллардың есептік бағамы біздің макроэкономикалық параметрлерге сай белгіленетінін қайталап өткім келеді, өйткені біздің макроэкономикалық параметрлер консерваторлық, біз оны бюджетті жоспарлау үшін қолданамыз, макроэкономиканың мөлшерінен біздің бюджеттік мүмкіндіктеріміз шығады.   

Шектен тыс оптимистік көзқарас танытып, бюджет табысының шамасы келмей қалмас үшін бюджет табысын, шығынын, қаржы тапшылығын анықтар кезде біз үнемі консерваторлық жолды таңдаймыз. Және ол - дұрыс», - дейді министр.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандықтар интернет арқылы АҚШ-та ұрланған қымбат қаруды сатып алған

Оның айтуынша, мұнай экспорттаушы елдер оның құнын төмен белгілейді, ал "мұнай қажет елдер" керісінше қымбат баға белгілейді.

«Яғни, әрқайсысы өзінің осал тұстарын осындай жолмен шешеді. Бағамға келер болсақ, нарық өте көп нәрселерге жауап береді, бір жерде ақау пайда болса оны да сезеді. 

Бірақ менің ойымша мұндай нәрселерге аса мән беріп қажеті жоқ, ондай жағдай болып тұрады. Көріп отырғандарыңыздай, еркін айналымға түскен теңге айтарлықтай тұрақтылығын сақтап тұр, бұл ең маңыздысы. 

Біз осыған бейімделуіміз керек, біз енді күн немесе аптаға жоспарламай, алдын ала айлар, бір маусым бұрын, жыл бұрын жоспарлауымыз қажет», - деді Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрі еуро бағамы туралы да пікірін білдірді. 

«Еуроға қатысты айтар болсақ, ол үшін валюталық жұптар болады. Біз Еуродақта не болып жатқанын қарап отырамыз. Бұл теңгенің еуроға қатысты құлдырауы деп түсіну міндетті емес. Бәлкім еуроның басқа да валюталарға, оның ішінде долларға қатысты бағамының жоғарылауы шығар.

Еуроодақтағы экономиканың өсімі мен жұмыссыздыққа байланысты жағымды жаңалықтарға да байланысты болуы мүмкін», - дейді ұлттық экономика минситрі.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда кішкентай баланы бетонға лақтырған қатыгез ер адам табылды

Сүлейменов сонымен қатар ресейлік рубльдің теңгеге қандай қатысы барын түсіндірді.

«Шындығында ресейлік әріптестер жуырда өздерінің макроэкономикалық болжамын жария еткен еді. Рубльдің әлсіреуін маусым айынан бері айтқан. Ол уақытта рубльді 67-68 - ге дейін (долларға қатысты) әлсірейді деп болжаған. Қазір олар макроболжамын жаңартты, рубль бағамы 62. 

Сондықтан, меніңше, мұнай бағасы мен Ресей экономикасының даму жағдайына қарап, осындай жағдай орын алды. Сондықтан рубль бағамы қатты өзгермейді, және біз де бір парадигмада жүріп барамыз», - дейді Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1603867-aqsha-ayyrbastau-punktterinde-dollar.html