RU

Қыркүйектің ортасынан бастап қар аралас жаңбыр жауып, елімізде күн суытады

Қазақстанда қыркүйектің үшінші жартысында күн салқындайды деп күтілуде деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Тамыз айы қыркүйек айына жылы ауа-райы эстафетасын береді, бірақ еліміздің батыснда және оңтүстік-шығысында ауа-райы жаңбырлы болады. Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтілуде», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев қырғыз халқынан кешірім сұрады

Одан кейін синоптиктер атап өткендей, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды: солтүстік жартысында күндіз 22...30 градусқа дейін жылы; оңтүстік жартысында күндіз 27...35 градусқа дейін жылы;

«Алдын ала болжам бойынша, қарқынды салқын толқындары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты сулы қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді», - деді синоптиктер.

Солтүстік жартысында түнде 3 аяз... 5 жылы, күндіз 7...15 жылы, оңтүстік жартысында түнде 2...10 жылы, күндіз 17-22 жылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1604040-qyrkuyektinh-ortasynan-bastap-qar-ara.html