RU

Ұлттық банктің экс-орынбасары атом компаниясының басшысы болып тағайындалды

Ғалымжан Пірматов «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымына ұлттық атом компаниясының жаңа басқарма төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты таныстырды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев қырғыз халқынан кешірім сұрады

Хабарда айтылғандай, Пірматовтың кандидатурасы компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның шешімімен бекітілген.

Ғалымжан Пірматов әр жылдары «Алтын төс» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital инвестициялар жөніндегі директоры, «Ұлтық банк» АҚ инвестициялық банкинг депаратментінің директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болған, «Cameco Kazakhstan» тау-кен компаниясын басқарған.

Еске салсақ, 29 тамызда Президенттің жарлығымен компания басшысы Асқар Жұмағалиев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1604063-ulttyq-banktinh-eks-orynbasary-atom-ko.html